Title  

ТО ДСБ  «Сауран аудандық емханасы» ШЖҚ МКК

 

АДРЕС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САУРАН АУДАНЫ Қ.ТЕМІРБАЕВ 2А    Тел: 8 (72545) 4-67-03     email: rps0609@mail.ru  

 

2025 МӘМС

Қазақстандықтар 2025 жылы медициналық сақтандыру үшін қанша төлейді   

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.

Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының орташа айлық жалақысы 364 295 теңгені құрады.

Осылайша, 2025 МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:

  • Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
    ·              Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
    ·              Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
    ·              Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
    ·              Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
    ·              Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
    ·              Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.

МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.

Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені келесі жолдармен тексеруге болады:

— Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты: msqory.kz
— Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)
— Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
— Кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары
— egov.kz  электронды үкімет сайтының «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мен жарналар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.     

Пациент қай кезде ПҚҚ-ға хабарласа алады?

МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер тізбегі

     Азамат ресми жұмысқа орналасқан, жұмыс беруші ол үшін төлемдер жасайды. Одан бөлек бұл азаматтың жұмыс істеп тұрған жеке кәсібі бар, мұндай жағдайда ол ЖК атынан МӘМС-ке жарна төлеу керек пе?

Жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыскерлер және жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарын төлеушілер болып табылады («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 14-бабының 2-тармағы).

Егер жалдамалы жұмыскер кәсіпкерлік қызметті де жүзеге асырса, онда МӘМС төлемдері келесідей болады:

1) жалдамалы жұмыскер ретінде МӘМС-ке жарналар қызметкердің табысынан 2% мөлшерінде төленеді, МӘМС-ке аударымдар жұмыс берушінің есебінен 3% мөлшерінде төленеді;

2) ЖК ретінде төлеуші МӘМС жарналарын да төлейді, бірақ табыстан емес, ең төменгі жалақының 1,4 бөлігінің 5% мөлшерінде жарна (2024 және 2025 жылдары 5950 теңге) төлейді.

Осылайша, егер жеке тұлға жалдамалы қызметкер болып табылса және салық есептілігін (ҚР Салық заңнамасына сәйкес) ұсынуды тоқтата тұрмаған немесе әрекетсіз деп танылмаған жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда МӘМС жарналарын ЖК ретінде төлеу жөніндегі міндет одан алынбайды