Title  

ТО ДСБ  «Сауран аудандық емханасы» ШЖҚ МКК

 

АДРЕС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САУРАН АУДАНЫ Қ.ТЕМІРБАЕВ 2А    Тел: 8 (72545) 4-67-03     email: rps0609@mail.ru  

 

Тарихы

           Сауран аудандық емханасы күніне 220-дан астам науқас қабылдауға арналған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнде емханамызға қарасты  2 Бастапқы медико санитарлық көмек көрсету орталығы, 13 фельдшерлік акушерлік бекет, 1 жылжымалы медициналық кешен және күндізгі бөлім қызмет атқарады.  Сонымен қатар, консультативтік диагностикалық орталық, зертханалық талдаулардың барлық түрі және инструменталды зерттеулерден электрокардиография, флюрография, рентген, ультра дыбыстық зерттеулер жүргізіледі. Аудан көлемінде   мың халыққа дәрежелі  жедел жәрдем бөлімшелері қызмет атқарады. Бекітілген халық тіркелім портал мәлімет бойынша тіркелген. Тіркелген халыққа ТМККК және МӘМС қаражы есебінен тегін медициналық  көмек көрсетіледі. Медицина мамандарының қатарына кардиолог, эндокринолог, невропатолог, педиатр, офтальмолог, нарколог психиатр, фтизиатр, пульмонолог, онколог, отариноларинголог, хирург, травматолог, стаматолог, гениколог және жалпы тәжірибелі дәрігерлер қызмет атқарады.  Соның ішінде 36383- бала,  45378-ересектермен  11446 -туу жасындағы әйелдерді құрайды7 Емханамыз жалпы  61 аймаққа негізделген. Мекеменің миссиясы сапалы медициналық қызметпен емделушілердің сенімін ақтау.