Жылжымалы медициналық кешен
Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР 2020 ж 7 шілдедегі Кодексі 7- бабының тармақшасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтау денгейінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әзірленді .
Түркістан обылысы Сауран аудандық емханасында көктемгі-жазғы кезеңде жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету жөніндегі ЖМК негізгі міндеттері:
— жергілікті жерлерде нысаналы топтарды қарауға көмектесу;
— диспансерлеуге жататын аурудың созылмалы нысаны бар адамдарды тексеру;
— профильді мамандардың жоспарлы консультациялық көмегі
— диагностикалық және зертханалық зерттеулер
— салауатты өмір салтын насихаттау.