АДРЕС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САУРАН АУДАНЫ Қ.ТЕМІРБАЕВ 2А Тел: 8 (72545) 4-67-03 email: rps0609@mail.ru
Menu
А.Югнаки атындағы орта мектебі
«БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАСТАРМЕН» АТТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.
📌Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында Жүйнек ауылдық округі, «А.Югнаки» атындағы жалпы орта мектебінде жасөспірімдер арасында кездесу өткізілді.
🔹Кездесудің мақсаты- жастар мен жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің, яғни, құқықбұзушылықтың, ертежүктіліктің, суицидтің, нашақорлықтың, ойынқұмарлықтың, электронды темекі шегудің, әлеуметтік желідегі алаяқтық және т.б. жат қылықтардың адам өміріне қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, болашақ жастарымызды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
🔹Кездесуге Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдіскері А.Сарсенбаев, Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психолог маманы С.Раметова, Аналар алқасының мүшесі М.Мырзахметова, аудандық емхана психологы Ш.Абдусаттарова, қатысып, жастардың қазіргі таңда жаһандық түйіткілді мәселеге айналған жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарында кітап оқып, шығармашылықпен айналысуға шақырды.