АДРЕС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САУРАН АУДАНЫ Қ.ТЕМІРБАЕВ 2А Тел: 8 (72545) 4-67-03 email: rps0609@mail.ru
Menu
Жуйнекского сельского округ
«БОЛАШАҚЫМЫЗ ЖАСТАРМЕН» ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында Жүйнек ауылдық округі, «М.Маметова» атындағы жалпы орта мектебінде жасөспірімдер арасында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты- жастар мен жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің, яғни, құқықбұзушылықтың, ертежүктіліктің, суицидтің, нашақорлықтың, ойынқұмарлықтың, электронды темекі шегудің, әлеуметтік желідегі алаяқтық және т.б. жат қылықтардың адам өміріне қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, болашақ жастарымызды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.